«Эстафеталық сұрақ»


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Құрметті әріптестер. Сабақ беру барысында жаңа әдіс ойлап таптым. Атын «Эстафеталық сұрақ» деп қойдым. Бұл әдіс тәсілім үй тапсырмасын еске түсіру мен талдауда, жинақтауда сәтті нәтижесін көрсетті, үш сабақта Блум бойынша және үш бөлімінде де сынап көрдім. Нәтижесі керемет болды. Бұрынғы үйренген әдіс тәсілдерден шаршаған оқушыларға жаңалық болды. Читать далее

Реклама

“Білім болашаққа бастар жол” тақырыбындағы республикалық семинардың қорытынды материалы


Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

“Газет – халықтың құлағы, көзі һәм тілі”деп, А.Байтұрсынов айтқандай, әлеуметтік желі бойынша Қазақстанда (әлемде) белді, белгілі, танымдық сайттар қарқынды дамуда. Соның ішінде ұстаздардың төл басылымына айналған Серпіліс газеті, 45minut.kz газеті мен сайттарының атқарған өрелі істерін ерекше айтып өтуге болады. 45minut.kz  сайтында ұйымдастырылатын байқаулардың, Акцияның ҚР бойынша қатысушы мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, танысып, достасып ара жіктері ажырамай қарым-қатынастары өз ара нығаюда. Осы жылдың қаңтар, ақпан айында өткізілген байқау мұғалімдердің еңбегін кең тұрғыда таратып, сабақтан бөлек оларды ғылыми мақала және баяндама жазуға баулып, БАҚ-та жариялауға үйретті.
Редакция тарапынан орасан зор еңбектің жемісін бағалап, нәтижесінде белсене қатысқан мұғалімдерді «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен, диплом, Алғыс хаттармен марапаттады.

Читать далее

Республикалық семинарға қашықтан қатысушы ұстаздар пікірлері


Түркістандағы семинарға қашықтан қатысушы ұстаздардың бірнеше пікірлерін жариялап отырмыз. Қазіргі уақытта қашықтан қатысушы ұстаздарға сертификаттары әзірленуде.

3 желтоқсанда өтетін Қостанай облысы, Таран ауданында өтетін Республикалық семинарға қатысуға шақырамыз.
Ал, 14 желтоқсанда Қостанай облысы, Рудный қаласында семинар өткізілу үшін әзірленуде. Читать далее

Республикалық семинарда өткізілген ашық сабақ. Төлен Әбдіков «Қонақтар»


ІІІ ші деңгейлі қаз тілі және әдебиет пәні мұғалімі Исмаилова Назира Аскаровна

Қаз.тілі каб 8-сынып. 16.04.2016 жыл. Шымкент қаласы. № 103 орта мектеп

Мектебімізде «Білім беру мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің тəжірибе алмасуын күшейтудің өзекті мəселелері» тақырыбында ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинар болып өтті. Семинардың жақсы өтуіне үлес қосқан Қалалық Білім Бөліміне, 45minut.kz сайтының ұжымына және редакторы Ізгілік Нағиев мырзаға, қонаққа келген əріптестерге алғыс білдіреміз.

Ұстаздар әні


Cөзін жазған: Темірхан Әбдіков
Әнін жазған: Жомарт Сейтбеков

Ұстаздармыз ұрпақ қамын ойлаған,
Ұлт мерейін артық көрген пайдадан.
Бар білгенін шәкірттерге үйретіп,
Баулап-баптап, намыстарын қайраған.

Қайырмасы:
Ұстаздармыз — жанын ұққан адамның,
Ұстаздар біз — айнасымыз заманның.
Кеуделерде арман отын маздатқан,
Ұстаздармыз — қамқоршысы қоғамның.

Ұстаздармыз ақ жүректі, ұлықпыз,
Ибалымыз, имандымыз, тұнықпыз.
Әр күніміз өткен емес қызықсыз,
Ел баласын қастерлеген халықпыз.

Ізденеміз, үйретеміз, сұраймыз,
Ән саламыз, ақын боп сөз құраймыз.
Ұстаздармыз шәкірттермен бақытты,
Мәңгілік ел тыныштығын қалаймыз.

Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ мектебі


Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ мектебінің директоры Гульнара Батырғалиқызы Мусаева

Қарағанды облысы, Сарышаған кентінің ЖООБ
мектебінің директоры Гульнара Батырғалиқызы Мусаева

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымы мен алда тұрған басты тұрған міндеттерді айқындайтын негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін дәстүрлі тамыз кеңесі.

Елбасымыз қай жолдауында болмасын,ең негізгі фактор ретінде адам өміріне оның ден саулығына білім алуына,әлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді.Биылғы жылғы жолдауында 100 нақты қадамды анықтап талқылаған кезеңде Қазқстандағы білім және білім саласын одан әрі дамыту бойынша президентіміз міндеттерді аттап көрсетті. Кезең-кезеңмен көшу аясында жаңа мектепке жаңа форматты мұғалім даярланып келу керек. Читать далее

Топ жарып, оза шапқандар


bb11Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берген Елбасымыз өз Жолдауында — «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Олай болса, Президентіміздің Жолдауын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданның спорт және дене шынықтыр бөлімі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен  спорттық іс шара өткізіліп келеді. Читать далее