Category Archives: Баяндамалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Сен ұстазсың, ұстазсың, ұлы адамсың,
Бар ғылымның құлағын бұрағансың.
Жаратқаннан балаңның бағын емес,
Шәкіртіңнің бақытын сұрағансың.

Ия, ұстаздық – қасиетті де қастерлі мамандық. Небір ел басқарған хандармен патшалар, дұшпанға жерін бермеген жаужүрек батырлар да ұстаздың алдынан шыққаны ақиқат…

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы бүгінде қаламыздағы алдыңғы қатарлы мектептер арасында өзіне лайықты орны бар білім ордасы. Осындай білім ордасында мұғалім болып қызмет етіп келе жатқанымды ерекше мақтанышпен айта аламын. Қаншама ұстаздың қара шаңырағына айналған бұл орда бүгінде «өз ісінің майталман маманы» атанған тұлғалардан кенде емес. Маңайындағы іскер тұлғаларды бағалап, бір-біріне дем беру, өзара сыйластықпен түсіністік таныту – татулығы жарасқан шаңырақтың белгісі дер едім. Ондағы әрбір ұстаз өзінше бір дүние. Бүгін менің тілге тиек еткім келіп отырған тұлға – ұлағатты ұстаз, білікті басшы Тамара Меңдібаева. Читать далее

Мәңгілік ел ұстаздары


ШҚО Семей қаласының № 9 ЖОББМ-ң жоғары санатты
тәжірибелі ұстазы Қаламқас Қалибекқызы Тоғасбаева

Шәкірттерім, алтыным,
Бәрінен де жақыным.
Өздеріңе арналар,
Білімім мен ақылым….

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақты тәрбиелеу,білім беру — мұғалімге жүктелген қасиетті парыз. Иә, әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшысы, сенімді тәрбиешісі, жүректері лүпілдей қаққан ең жақын адам ретінде сезінетіні, ол — ұстаз. Ұстаз-шәкірт үшін үлгі-өнеге болатын ғибратты жан. Өйткені, ұстаздың істеген әрбір ісі, айтқан сөзі, қорытқан ойы бойында бұлжымастай қаланып қалады. Шынында да, әрбір адамның өмірге деген өз көзқарасы ұстазының берген бағыт-бағдарымен қаланады. Олай болса, ұстаз — адамның өмір жолының бастаушысы. Жаратылысынан ұстаздық қасиетпен дүниеге келген адам,алдында отырған шәкіртіне бойындағы барлық жақсы қасиеттерін беруге тырысады деп білемін. Читать далее

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ


Жүктеп алу: «БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе кенті «Шетпе гимназиясы» ММ. 28.12.2016 жыл

Қостанай облысы, Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебінде өткізілген республикалық ғылыми-пра ктикалық семинар жайлы есеп


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, желі қонақтары!

Желтоқсанның алғашқы сенбісінде Қостанай облысы,Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебі» КММ-де республикалық мұғалімдерді қолдайтын, ұстаздардың сабақтары мен тәжірибелік жұмыстарын БАҚ және Интернетте жариялауға арналған. «45 минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев келіп «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық педагогикалық семинар өткізді.

Ауыл мектебіне көңіл бөліп, мектептің әрбір ісіне тыңғылықты қарап, тәжірибелі мұғалімдермен бірге жас мұғалімдердің де сабақтарына кірді. Ол кісінің мақсаты, ашылмай жатқан бұлақтың көзін ашу, республикаға таныстыру екенін түсіндік. Яғни, қазіргі кездегі тәжірибе алмасудың басты тетігі – ғаламтор арқылы мұғалімдерге дем беру, рухани қолдау, жұмыс жүйесін таныстыру.

Жүктеп алу: Семинар жайлы есеп

«Ақ терек — көктерек» Әдістеме


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр 1 санат

Тарихы: Спортзалға кіргенімде, бастауыш сынып оқушыларының «Ақ терек — көк терек» ойынын ойнап жатырғанын көріп: «Неге осындай ұлттық ойындарымызды ұлттық педагогикаға бейімдеп сабаққа пайдаланбасқа» — деген ой келді. Сөйтіп, кабинетіме келіп ойластырып, сабақта қолданып көрдім. Сәтті шықты. Екі сыныпқа қолданып көрдім, бір сыныпқа үй тапсырмасын сұрауда, екінші сыныпта жинақтауда, ойымнан күткендегіден жақсы шықты. Читать далее

«Эстафеталық сұрақ»


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Құрметті әріптестер. Сабақ беру барысында жаңа әдіс ойлап таптым. Атын «Эстафеталық сұрақ» деп қойдым. Бұл әдіс тәсілім үй тапсырмасын еске түсіру мен талдауда, жинақтауда сәтті нәтижесін көрсетті, үш сабақта Блум бойынша және үш бөлімінде де сынап көрдім. Нәтижесі керемет болды. Бұрынғы үйренген әдіс тәсілдерден шаршаған оқушыларға жаңалық болды. Читать далее

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ Қост анай облысы, Таран ауданы «Новоильинов орта мект ебі» КММ 03.12.2016 жыл


Жүктеп алу:   «БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ. Қостанай облысы, Таран ауданы «Новоильинов орта мектебі» КММ 03.12.2016 жыл

« Older Entries