Қайралапова Жайнагүл Нағиқызы


Тегі: Қайралапова

Аты:  Жайнагүл
Әкесінің аты: Нағиқызы
Туған күні, айы, жылы: 07.05.1967
Лауазымы: Қосымша білім беру педагогі
Жұмыс орны: Қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
Жалпы стажы: 19 жыл
Педагогикалық стажы: 19 жыл
Білімі: Жоғары
Жеке қасиеті: талапкерлік, жауапкершілік, білімге құштарлық

«Білікті бірді  жығады, білімді мыңды жығады»

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың шыңына жеткен заманы деп біз жоғарыда атап өткен болатынбыз. Әр заманның ғылым саласынан адамға қоярлық өзінше талаптары бар. Біз өмір сүріп жатқан заманның адамға қоятын талабы ретінде «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қазақ халқының көнеден келе жатқан мақалын алғым келіп отыр. Себебі, бүгін алға шабам дегендер, білімнің бұлағынан нәр алуы, ғылымның әр саласынан хабардар болу керек.

Жан-жақты ақпараттандырылған адам өмірде өз жолын тауып, мақсаттарына жете біледі. Бірақ білім-ғылым деп, тәрбиені тыс қалдыруға болмайды. Бүгінгі таңда педагогтарға қойылатын талап – баланы шеберлікке  үйрете  отырып, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу. Осы принципті басшылыққа алған педагог оқушысын білімді, өнегелі әрі мәдениетті етіп шығарады.  Осы айтылғандардың барлығын меңгерген оқушы шығармашылық, техникалық  салаларында жан-жақты дамиды.

Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық үйірме сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, шығармашылық және жеке қасиеттерін дамытудың мәні зор.

Шын ниетпен, іңкар сезіммен

Жайдары жүз жадырасын, жайнасын,
Үйірмеге, ЖАС ЖЕТКІНШЕК,
Бос кезінде сабақтан тыс қатысып.
Шеберлікке үйреніп, техниканы меңгеріп,
Күлсін, еркін ойлансын.

Сабақтасып балалық пен болашақ,
Уақыт өтер бір сәт артқа қарасақ,
Техникалық даму еркін заманда,
Егеменді  Еліміз бар аманда,
Ұрпақ қамын  Ұстаздары ойласын.

Қосымша  білім беру Педагогі,
Шығармашылық шыңдалудың  оймағы,
Әртүрлі әдістерді үйретудің аймағы,
Езуінен күлкі кетпей, бізге келген БҮЛДІРШІН,
Болып өссін туған жердің қаймағы.

Реклама

4 thoughts on “Қайралапова Жайнагүл Нағиқызы”

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s