Без рубрики

ЕЛБАСЫ КҮНІ – ЕЛІНІҢ КҮНІ


2012 жылдың 1 желтоқсанында қазақстандықтар өз тарихында бірінші рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеді.

Бұл күн кездейсоқ таң­далма­ды. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті.

Қазақстанда президенттік инс­титут Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевты рес­публика Президенті етіп сай­лаған 1990 жылдың сәуірінде-ақ құ­рылғаны белгілі. Бұл оқиға Кеңестер елін қамтыған терең дағдарыс жағдайында, сөз жоқ, өзі­нің оң рөлін атқарды, мұның өзі қоғамды топтастырып, жұмыл­ды­руға қабілетті мемлекеттік билік құрылымына сұранысқа байла­ныс­ты берілген жауап еді. Продолжить чтение «ЕЛБАСЫ КҮНІ – ЕЛІНІҢ КҮНІ»

Реклама
Без рубрики

Редакция өмірінен бір мезет немесе "Киіктің айласы"


Қалыпты жұмыс қарқыны бойынша 45minut.kz басылым редакциясында жұмыс жүргізілуде еді. Әдеттегі жұмыс дегеніміз, ұстаздардан күніне келген 300-400 дей хатты жеке-жеке оқып шығу, сонымен қатар оларды сайтқа жариялануға, газетке жариялануға, сұрақтар, өтініштер, шағымдар, тілшілерден келген хаттар, сертификат хаттары т. б тақырыптар бойынша тиісті папкаларға сұрыптау, редактор, бағдарламашы, менеджер қызметкерлердің жұмыс пошталарына жіберу жұмыстарының атқарылуы. Осы жұмыстарды күнделікті атқару бір адамның қызметі болғанымен ерекше ыждағаттылық пен мұқияттылықты талап етеді. Себебі, басылым қызметінің сапалы болуы осы жерден басталады.

Оқырмандарымыз үшін редакция қызметкерлерінің бір күндік қызмет жағдайындағы нақты шешілген мәселе бойынша жұмыстың атқарылуы туралы баяндап, Республикалық редакция жұмысын үйлестіру тек қана редакция қызметкерлерінің емес, негізінен Республикалық басылымға жанашырлық білдіріп, бірлесе жұмыс атқарып отырған Ұстаздар тарапынан жасалынатынын білдіргім келеді. Себебі, Республикалық басылым Ұстаздарға қызмет көрсетеді және тиісті жанашырлық сапалы қызметке әкеледі. Сонымен, оқиға барысы бойынша: Продолжить чтение «Редакция өмірінен бір мезет немесе "Киіктің айласы"»

Без рубрики

Ескіден қалған есті сөздер


Сансызбаев Серікбол
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Лахалы ауылы № 93 орта мектеп

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның заманы. Мұны қазір тек біз ғана емес бүкіл әлем мойындап отыр. Білектен гөрі білімге иек артып отырған қазіргі таңда біліктілікке басымдылық берілген. Сол біліктілікке жету баспалдағы мектепте қаланатыны белгілі. Жаһандану заманында білімге зор мән бере отырып, өз халқымыздың ұлттық сөз саптауларына да ерекше қарап, келешек ұрпағымыздың ата-бабадан келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа аманат сөздерді олардың бойына сіңіру біздің міндетіміз деп білемін. Сондықтан мен үнемі өз сабақтарымда оқушыларыма осы аманат сөздердің мағынасын түсіндіріп отырамын. Сондай сөздердің біразын сіздер де пайдасына керек етер деп жіберіп отырмын.

Продолжить чтение «Ескіден қалған есті сөздер»

Без рубрики

«45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»


Abai.KZ ақпараттық порталы.
http://abai.kz/content/izgilik-nagiev-45minutkz-bilim-ordalarynan-tilshiler-izdeidi

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат саласы тағы бір басылыммен  толыққан болатын. «45minut.kz» деп аталатын республикалық газеттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында басылымның бас редакторы Ізгілік Нағиевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында бас редактор мырза бізге «45minut.kz» газетінің электронды нұсқасы да болатынын, электронды нұсқаның оқытушымен, оқушымен, ата-анамен тікелей байланыстағы желіге айналатындығын  әңгімелеп берді.

  • «45minut.kz» газетінің мақсаты қандай? Газет басылым ретінде нені көздейді?

«45minut.kz»республикалық газетінің жарыққа шығудағы мақсаты — еліміздің түкпір-түкпірлеріндегі білім ордалары мен ондағы мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа таныстыру, мектепаралық және мұғалімдер арасын байланыстыратын платформа қалыптастыру. Қалыптасқан платформа арқылы бүгінгі білім саласының өзекті проблемасына айналып жүрген  республикамыздың орталықтары (қалалар) мен шалғай аймақтарындағы (ауылдар) білім деңгейінің сәйкессіздігін азайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, сабақ өтудің тиімді тәсілін ойлап тапқан мұғалім өз жаңалығын біздің газет арқылы, немесе газеттің сайты арқылы басқа өңірдегі мектеп мұғалімімен жылдам бөлісе алады. Бүгінге дейін қала мен ауыл мектебі арасындағы білім деңгейінің алшақтығы ақпарат алмасу мүмкіндігінің жоқтығынан, мұғалімдердің бір-бірінің тәжірибесінен бейхабар болуынан деп түсінеміз.  «45minut.kz» республикалық газеті осы олқылықтың орнын толтыруды мойнына алып отыр.
Продолжить чтение ««45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»»

"45minut.kz - Электронды нұсқа"

45minut.kz Газет туралы. Ұстаз пікірі


Ұстаздарға арналған  Республикалық 45minut.kz газетінің жарық көргеніне 6-7 ай болуына қарамастан өз оқырмандарының көңілінен шықты, олардың  қолдауына ие болды. Республикалық басылымға "БАҚ өкілі-Тілші" болып тіркеліп, бірлесе қызмет атқаруға көптеген ұстаздарымыз қосылды. Қазіргі уақытта газеттің шығарылуы, таралымы, тілшілер жұмысы жағынан нақты тәжірибе жинақталып, нәтижелі жұмысқа қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар іске асырылды.

Республикалық басылымға жариялануға тілек білдіруші ұстаздардың саны артып газетіміздің мерейі жоғарылап барады.  Газетке жариялануға берілген әр-бір жаңалықтарды, сабақтарды, мақалаларды жәнеде басқа ұстаздардың және оқушылардың жетістіктерін мумкіндігі болғанша газетке жариялауға тырысады. Газеттің оқырмандары артып бара жатқандықтан газетті екі түрде жариялауға редакция қызметкерлері атсалысып жатыр. Газет қағаз нұсқасында  оқырмандар қолыдауына ие болды. Ал енді электронды нұсқасы жарияланса  бұл мұғалімдер үшін қолдан түспейтін құрал болады деп сенемін.

Газеттің электронды нұсқасының  артықшылықтары өте көп. Мысалы біз газетке мақала немесе сабақтарымызды жариялауға бергенімізді  оның барлығын толықтай жариялауға газет беті жете бермейді. Кейде газетке неге сабақтарымыз жарияланбайды деп ренжіп қаламыз. Продолжить чтение «45minut.kz Газет туралы. Ұстаз пікірі»

Без рубрики

ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДЕГІ ОРНЫ


Болат Атыраубаев
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫК "РУХАНИЯТ" МУЗЕЙІНІН ДИРЕКТОРЫ
 

Бұл мақалада ұлттық өнеріміздің арқауы зергерлік өнерінің тарихы, маңызы және ұлттық мәдениетімізде алатын орны туралы айтылған. 

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет — ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.

Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Продолжить чтение «ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДЕГІ ОРНЫ»

Без рубрики

Мен өзіме электронды портфолионы қалай жасадым?


Интернетте http://port-folio.kz/ — Портфолио сайтын көріп, қызығып, өзіме де осындай портфолио сайтын ашуға тапсырыс берсем деп әзірленіп жүр едім. Күнделікті қарбалас жұмыстан қол тимей, дегенмен бір күні сәті түсті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының Ақтөбе облыстық Оқу әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Білімнен әрекетке, әрекеттен ойлауға» тақырыбында облыстық конкурс ұйымдастырылады және сол конкурсқа мекеме атынан қатысуға шақыру алғаным негізгі бір себеп болды. Әдеттегіше, атқарылған жұмыстардың нәтижесін жинақтап, жеке флешкамда, үйдегі компьютерде сақтап жүр едім. Белгісіз бір себептермен флешка жұмыс істемей қалды, үйдегі компьютерде жинақталған материалдар бұрыңғы материалдар болып шықты. Негізгісі компьютерде сақталғанымен, конкурсқа жаңадан әзірленуге тура келді. Продолжить чтение «Мен өзіме электронды портфолионы қалай жасадым?»