Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі


Шығыс Қазақстан облысы. «Семей қаласының
37 гимназиясы»КММ  Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Рахимбаева К.К

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.

Бала ойында қандай болса,  өскенде жұмыста да сондай адам болады».

А.С. Макаренко

Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Читать далее

Реклама

ЖАСТАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Атырау қаласы
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Нажмеденов Олжас Мүтауұлы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

ЖАСТАРДЫ РУХАНИАДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы нарықтық экономикалық жағдайына қарамастан ғылыми – техникалық жаңалықтарды меңгеру мен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Болашақта жанарған қоғамның жастарына асқақ руханилық пен адамгершілік қадір – қасиеттерін тәрбиелеу мемлекеттік құжаттың басымдылығы ретінде білім беру мекемелеріне міндет етіп берілді.

Читать далее

Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі


Атырау қаласы
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Нажмеденов Олжас Мүтәуұлы
Тарих және құқықтану пәні оқытушысы
Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де жиырма жылдың жүзінен асып отыр.Осындай жауапты да қуанышты кезде кемеңгер Елбасымыз туралы ой бөліскелі отырмыз.

Қазақстан тәуелсіздігін алған бұрынғы кеңестік елдер арасында ғана қарыштап қана койған жоқ, сондай-ақ әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер санатына қосылып та үлгерді. Халқымыздың «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалын елбасымыз жиі айтады, өйткені біздің ортақ Отанымыз-Қазақстанның қазіргі қарыштап дамып отырғаны елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымақтығы мен бірлігінің арқасы.Сонымен қатар, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың, халықаралық және конфесияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасаудың да тигізген ықпалы зор болғанын атап көрсеткеніміз жөн.Осындай ірі әрі күрделі міндеттерді шешіп, жолға қоюда көп этносты, бірнеше дінді Қазақстан Халықтарының бірлігі мен ынтымақтығын сақтап, оны одан әрі дамыта түсуге өлшеусіз күш-жігер жұмсаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі зор.

Читать далее

Салауатты өмір салтын ұстануда денешынықтыру пәнінің маңызы


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
266 мектеп – лицейдің денешынықтыру пәнінің мұғалімі

ҚАЗИЕВ МҰХТАР
Салауатты өмір салтын ұстануда денешынықтыру пәнінің маңызы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2030» багдарламысында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз,сонымен бірге жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеп,дене тәрбиесімен,спортпен айналысуга үгіттеп,еліміздің болашағы жастардың қолында екенін есте ұстауга тиіс екендігіміз айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғаны көрінеді. Ол түсінікті де. Келешекте Азия барысына айналатын елдің іргесін нығайтатын да қазіргі жас ұрпақ. Сондықтан жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулықтарына аса зор көңіл бөлген абзал.Тұлғаны «әдемілік айнасы немесе зор денсаулық»- деп бекерден айтпаған .

Читать далее

Жастар және ғылыми – техникалық прогресс


Баяндамашы: № 1 кәсіптік колледж
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ихсанова Айсамал Ғайноллақызы

Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай жерде тұрғанымыз емес,

қандай бағытта жылжып барамыз – міне сонда.

И. Кант

Құрметті, ханымдар мен мырзалар!

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамуын өзі таңдаған даңғылға түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан – жылға артып отыр. Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық.

Читать далее

Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары


«Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш класс мұғалімі

Алдабергенова Узилдик Жомартовна

Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
 

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Читать далее

БІЛІМ САПАСЫ – АДАМЗАТ ДАМУ ПРОГРЕСІНІҢ ЕҢ ҮЗДІГІ


Мухамбетчиева Жазира Салахиденқызы

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы, Жыланды селосы

Д. Нұрпейісова атындағы орта

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

Читать далее