Без рубрики

Оқушылар шығармашылығы


Менің    Қазақстаным

Ж. Зейнуллаева  4-класс
Құмсай бастауыш мектебі Құмсай ауылы
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысы

Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымныңның туған елі.
Кен  байтақ  Қазақстандай  жерде туған
Қазақтың  Тәңірі  берген  несібесі!

Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.

Астана — бәйтеректің қаласындай,
Астана — бұл  қазақтың  панасындай.
Елге  ғана  осындай  даласы бар
Астанадай  жас қала  жарасымды- ай!

Қазақстан  — бұл  біздің  Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең  байтақ  Қазақстандай  жерде  туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
    

Елбасына

Жайшылық Гүлден
Құмсай бастауыш мектебі Құмсай ауылы
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысы

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.

Туған жерім

Сағынтаева Арайлым
Құмсай бастауыш мектебі Құмсай ауылы
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысы

Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.

Ақорда- Алашымның астанасы,
Бәйтерек- ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.

Сүйінші хабар: Алғаш болып сайтымызда жарияланған оқушылардың шығармалары Балапан телеарнасының "Қиял қанатында" бөлімінде жарияланды. http://balapan.kaztrk.kz/telekanal/kiyal/ 

Реклама
Без рубрики

Қазақ тілім


 Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы,
  Опорный орта мектебінің 

8 «в» сынып оқушысы
Асанбаева Нұргүл

 

Па, шіркін жетпейді ғой қазақ тілге ешбір тіл,

Қазақ тілдің астарында мың сыр тұр.

Қазақ тілдің қасиетін бағалап,

Қазақ тілде сөйлейікші жамағат.
Продолжить чтение «Қазақ тілім»

Без рубрики

Ұстазға арнау


Көмірші орта мектебін 2009-2010 жылы бітіріп арман қуып Алматы қаласына келіп,Алматы индустриалды колледжінің студенті атанып,осы аталған оқу орнын есептеуіш техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы бойынша
« Медиа Нет» білім алушысы болып оқып жүрмін.

Көмірші ауылына практикадан өтуге келген кезімде өзіме сабақ берген Физика-информатика пәнінен сабақ берген Сайсанбекова Дания апайыма мына өлең жолдарымды арнаймын. Продолжить чтение «Ұстазға арнау»

Без рубрики

«Аты шулы вирустар» Компьютерлік вирустар туралы ақпарат іздеушілерге. Ғылыми жұмыс


«Аты шулы вирустар»  Компьютерлік вирустар туралы
ақпарат іздеушілерге. 
Ғылыми жұмыс.
2010-2011 оқу жылында Компьютерлік вирустар тақырыбы бойынша
Кіші ғылым академиясында жүлделі ІІ орынға ие болған

Жетекшісі: Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы
шағын жинақты жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Заитова Гүлмира Рахманқызы

Қорғаған: 7 сынып оқушысы Келдібай Ұлас Болатбекұлы Продолжить чтение ««Аты шулы вирустар» Компьютерлік вирустар туралы ақпарат іздеушілерге. Ғылыми жұмыс»

Без рубрики

М.В.Ломоносовтың педагогикалық ой-пікірлері мен еңбектері


Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы
№4 жалпы білім беретін орта мектебінің
оқушысы Рсымбетов Сакен

Мақсаты: М.В.Ломоносовтың  еңбектерін оқушыларға білдіру.
Педагогикалық ой-пікірлері: ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: М.В.Ломоносовтың педагогикалық ой-пікірлері мен еңбектері

Без рубрики

Химиялық элементтердің валентілігі


Қарағанды қаласы
Қазыбек би ауданы
№4 жалпы білім беретин орта мектебінің
оқушысы Рсымбетов Сакен

Элементтердің валенттілігін білу. Екі элементтің қосылыстары арқылы есеп шығару. Валенттілік арқылы формулалар
құру
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Химиялық элементтердің валентілігі. Презентация

Без рубрики

Жергілікті жердегі тарихи тұлғалар


Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрлыс елді мекені,
№74 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Жадыра Көптілеуова

Сабақтың мақсаты: Нақты деректерге сүйене отырып, оқушыларды жергілікті жердегі тарихи тұлғалардың өмір жолдарымен таныстыру.

Тәрбиелігі: Оқушының бойына патриоттық сезім қалыптастыру. Жергілікті жердегі тарихи тұлғалардың ерліктерін, қара қылды қақ жарған әділдіктерін насихаттау. Өз ұрпақтарына қалдырған аманатын жеткізе отырып, сол аманатты орындауға тәрбиелеу. Продолжить чтение «Жергілікті жердегі тарихи тұлғалар»